«Бөбекке сөз»
Дата: 08.01.2021 | |
Просмотры: 85 | Печать страницы |

Қаңтар айының 5-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі парақшаларында ақын, жазушы, драматург, Әдібай Табылдының 95 жылдығына орай «Бөбекке сөз» атты онлайн ақпарат ұйымдастырды. Мақсаты: Ә.Табылдының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, оның өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту. Кітапханашы Д.Ускенбаева жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет беріп өтті.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=887848375310090&id=100022548073225
https://www.instagram.com/tv/CJpkv_NnEOz/?igshid=f473lxdrw2y0