Әбіш Кекілбаев- заманымыздың заңғар тұлғасы
Дата: 18.11.2019 | |
Просмотры: 372 | Печать страницы |

ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының, ҚР Ұлттық кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен «Бір ел-бір кітап» акциясы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. 2018 жылдың соңына қарай 2019 жылы оқылатын «Бір ел–бір кітап» акциясына дауыс беру әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Аталған жобаны қорытындылау мақсатында республикадағы барлық кітапхана басшылары мен қызметкерлері және оқырмандарының қалауымен «Бір ел-бір кітап-2019» республикалық акциясы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқу таңдап алынды.
«Бір ел- бір кітап - 2019» акциясына байланысты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында жыл бойына кітап көрмесі безендіріліп, кітап көрмесіне библиогафиялық шолу жасалынып тұрады. Сондай-ақ, 2019 жылы 15 қараша күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет сыйлығының иегері, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, Ә.Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толуына және де «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында,«Әбіш Кекілбаев- заманымыздың заңғар тұлғасы» атты көркемсөз оқу шеберлігі өтті. Іс-шара барысында: №10 мектеп оқушылары Балтабаева Ардақ, Джартыбаев Алиби, Батырхан Ділшат т.б оқушылар атамыз Ә.Кекілбайұлының шығармаларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқыды. Мақсаты: Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, оқушылардың эстетикалық сезімін ояту, мәнерлеп өлең оқумен қатар көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру, туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге дағыландыру және тәрбиелеу болып табылады.