Зиянды әдет-қоғамдық індет
Дата: 23.11.2020 | |
Просмотры: 120 | Печать страницы |

15 қараша-Халықаралық темекіден бас тарту күніне орай 2020 жылы 11 қараша күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен фейсбук, инстаграм, вк парақшасында көпшілік оқырмандар назарына «Зиянды әдет-қоғамдық індет» атты шок-урок ұсындық. Мақсаты-салауатты өмір салтын сақтау, темекі шегу зиян екенін жасөспірімдерге түсіндіру, қазіргі қоғам талабына сай салауатты, білімді ұрпақ тәрбиелеу, осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту.