Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Кекілбаев оқулары" мәнерлеп оқу байқауы

Дата: 13.11.2019
Просмотры: 217 Печать страницы

     2019 жылдың 13 қараша күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Республикалық «Бір ел-бір кітап» акция аясындағы Қазақстан Республикасы аймағында келісі ерек, болмысы жаңа, мерейлі, ел тарихында  айрықша ауқымды ардақталатын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 80 жыл толуына орай “Кекілбаев оқулары” мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мақсаты: Әбіш Кекілбаев шығармаларын дәріптеу, рухани байлығымызды кеңейту, жастардың шығармашылығын дамытып, шын дарынды анықтау. Қатысушылар  қаламгердің «Аңыздың ақыры» романы бойынша кез-келген жерінен үзінді оқыды. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген үміткерлер өздерінің «үздік» екендіктерін көрсету үшін барынша тырысты. Солардың арасында қарсыластарынан оза шауып, көрермен көзайымы болып, ерекше тиянақтылық танытып дайындалған  Сатыбалдиева Сая, Әміржан Расул, Жақсымбет Ақбота сынды үміткерлердің еңбектері ақталды. Қазылар алқасының мүшесі Талдықорған  Жоғарғы  Политехникалық колледжінің қазақ тілі және орыс тілі пәнінің оқытушысы  Есболатова Зәмзәгүл Данабекқызы сөз алып, әр қатысушының  жақсы дайындалғанын, мәтінді нақышына келтіріп оқығандардың арасынан нағыз мықтыларды анықтау қиын болғанын айтып өтті. Алайда жарыс болған жерде жеңімпаз біреу.  Өзінің мәнерлеп оқу шеберлігімен, сөз мақамымен бір ауыздан келісілген шешім бойынша байқаудың І орынын Сатыбалдиева Сая жеңіп алса, ІІ орынды  Әміржан Расул , ІІІ орынды Жақсымбет Ақбота иеленіп, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Барлық қатысушыларға алғыс хаттар беріліп, шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды. Шараға барлығы 50 адам қатысты.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ