Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Нашақорлық дерт

Дата: 06.11.2019
Просмотры: 295 Печать страницы
Нашақорлық дерт

2019 жылдың 5 қараша күні №8 кітапхана филиалында (Учхоз ЗВТ) көпшілік  және  мектеп оқушылары  арасында  «Нашақорлық  дерт» атты сұрақ-жауап кеші  өтті. Мақсаты: Оқырмандарға нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Кітапханашы А. Қадырова есірткі, анаша – ғасыр тажалы екенін, онымен қазір бүкіл әлем болып күресіп жатқанын. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екенін. Есірткі – бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз  сияқты  деп  тоқтап  өтті. Есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса  жылатады, осыны  естен  шығармау  керек. Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмауымыз керек. Кешке  қатысқан №27 орта мектеп-гимназиясының  9 сынып  оқушысы  Төлепберген Ұлбосын  сұрақ  қойып қанағаттанарлық  жауап  алды. Кеш  өте  тартымды  өтті. Кеш соңында кітапханашы А. Қадырова салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»- деп сөзін тәмамдады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ