Абайдың қара сөздері
Дата: 06.11.2020 | |
Просмотры: 77 | Печать страницы |

2020 жылы 4 қараша күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Любовь Кенжебекова апамыз Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына Абай атамыздың «38-ші қара сөзін» қашықтан оқу арқылы оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарға Абай шығармаларына шолу жасау, Абай қарасөздерін оқу, талдау, мағынасын ашу. Абай қара сөздерінде ақыл – ойды поэтиқалық шеңберді асыра көрсетті. Осы жинақта ұлағатты және ізгі ниетті сөздерді көруге болады. Абай қара сөздерді жазу себебі, ол келешек ұрпақтың жақсы мен жаманды айыра білгенін танытты. Жас шыбықтан биік діңгек өсетіні сияқты адамзат баласын сәбилік шағынан тәрбиелеу деп санаған екен.