"бабалалар аманаты ұрпақ борышы"
Дата: 23.10.2019 | |
Просмотры: 274 | Печать страницы |

Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қазан айының 8-ші жұлдызында «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында № 2 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр Балпық би тұлғаның туғанына 325 жыл толуына орай «Бабалар аманаты ұрпақ борышы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлағатты адамның өмірімен таныстыру, азаматтық тұлғасын таныта отырып, ұлттық рухқа тәрбиелеу. Сонымен қатар қазақтың біртуар тұлғасын көпшілік қауымға насихаттау, оның мәңгі өшпес ізін рухани жаңғырту. Шара барысында кітапханашы Г.Майлянова аталмыш шараға байланысты мағлұмат беріп, оқушылар Балпық би жайлы жырларын оқып, шешендік сөздерін жатқа айтып берді. Шараға 50 адам қатысты.