Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Қазақ әдебиетінің ақсұңқары"

Дата: 23.10.2019
Просмотры: 225 Печать страницы

  Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қазан айынының 10-шы жұлдызында  №2 мектептің  8-сынып оқушыларымен Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер-коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Қаламгердің шығармашылық өмірбаяны, ақындық қыры туралы жан-жақты білім беру. Ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, ой-пікірін дәлелдей алатын қабілеттерін шыңдау арқылы отаншылдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу. Аталмыш кеште кітапханашы Ф.Жакупова Сәкеннің ақындық өнеріне және мемлекет қайраткерінің еңбек жолындағы жетістіктері мен қазақ әдебиетінің негізін салудағы орасан зор еңбектеріне шолу жасап өтті. Сонымен қатар оқушылар Сәкен өлеңдерін және оған арнап жазылған толғауларды нақышына келтіріп орындады. Сәкен Сәдуақасұлының еңбектері болашақ ұрпақ үшін қымбат қазына. Өйткені Сәкеннің еліне деген патриоттық өлеңдері еш уақытта да құнын жоймақ емес. Шараға 35 оқушы қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ