Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Семей қасіреті-қазақ қасіреті

Дата: 27.08.2020
Просмотры: 113 Печать страницы
Семей қасіреті-қазақ қасіреті

1947 жылы 21 тамызда КСРО Үкіметінің арнайы қаулысымен «Семей - 21» деген шартты атаумен жаңа жасырын қала пайда болды. 1949 жылы 29 тамызда тұп - тура таңғы сағат 7 - де Семей ядролық сынақ полигонында тұңғыш рет КСРО мемлекетінің ядролық қаруы сыналды. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты (жылына 14 - 18 сынақ) құрады. Олардың 116 - сы ашық жер бетінде болды.

Қазақ жеріндегі осындай адам төзгісіз алапатты тоқтатып, тажалды тізгіндеуде аянбай еңбек еткен тұлғалар бар. 1991 жылдың 29 тамызында Президент Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл - Тәуелсіздік ала сала қазақ елі қабылдаған алғашқы маңызды шешімдердің бірі болды.

Міне, биыл Семей полигонының  жабылғанына 29 жыл толуына  орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2020 жылы 26 тамыз күні «Семей қасіреті-қазақ қасіреті» деген тақырыпта видеороликті назарларыңызға ұсынып отырмыз. Мақсаты-Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру, қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру, өз ата-мекенін сүюге тәрбиелеу, өз еліне, өз туған жеріне сүйіспеншілігін сақтай отырып оның табиғатын, табиғат байлықтарын қорғауға ұмтылдыру.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ