Әл-Фараби афоризмдері
Дата: 26.08.2020 | |
Просмотры: 231 | Печать страницы |

Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтілуде.Осыған орай 2020 жылғы 13 тамыз күні №8 кітапхана филиалы (Учхоз ЗВТ) Шығыстың ұлы ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің афоризмдерін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандарды Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл – Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беру. «Афоризмдер» сияқты еңбектері насихаттау. Әл-Фараби – адам тәрбиесінің бастау көзі еңбек екендігін ғылыми дәлелдеген алғашқы ғалым. Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбу Насыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.