Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Абай-әлемдік тұлға

Дата: 12.08.2020
Просмотры: 100 Печать страницы
Абай-әлемдік тұлға

Биыл, ұлы ақын, композитор, философ, саяси қайраткер, ағартушы, Абай Құнанбайұлының туғанына  175 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту  туралы жарлыққа қол қойды. Осы мақсатта еліміз бойынша қашықтан түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Осыған орай 2020 жылы 10 тамыз күні Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен данышпан ақын, ғұлама ойшыл, дана, әдебиетіміздің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертер «Абай-әлемдік тұлға» атты виртуалды онлайын кітап көрмесі безендіріліп,  шолу жасалынды. Көрмеге кітапхана қорынан жинақталған  ақынның өлең жинақтары, қарасөздері, хикмет кітабы, сондай-ақ, кемеңгердің өмір жолы, шығармаларына арналған ғалым-жазушылардың зерттеулері мен еңбектері де қойылды.

 «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,-деп  жырлаған Абай жүрегі туған халқымен бірге соққан. Халқының  бақытты, ерікті ел болуын, өнер білімді, мәдениетті  елдермен терезесі тең болуын,   мұрат-мақсат етіп, сол арманына, адал еңбек сіңіруді, азаматтық,  адамгершілік борышым деп білген. Әлеуметтік   мазмұны терең, асқан шеберлікпен жазылған, ақын өлеңдері, өз заманының шындық бейнесін бейнелеген, ақынның өмірі мен  шығармаларына тоқталып өтті. Мақсаты: Ұлы ойшылдың шығармалары мен  ақындық мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу, поэзияны сүюге, бағалай білуге тәрбиелеу, Абайдың шығармалары арқылы дұрыс тәрбие беру болып табылады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ