«Семь граней Великой степи»
Дата: 02.07.2019 | |
Просмотры: 293 | Печать страницы |

2019 жылдың 02 шілдесінде В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «Отанымның жүрегі-Астана» атты музыкалық кеш өткізілді. Шараға Талдықорған қаласының «Ардагер әжелер» ансамблінің белді мүшесі, әншісі, бишісі, Талдықорған қаласының құрметті азаматы-Шара Бүркеқызы, Аймақтық ардагерлер ұйымының төрағалары: Жаңасылова Қалия, Сейтқұлова Дәнегүл, Қаңлыбаева Гүлсім, Республикалық «Үздік жас маман - 2018» байқауының иегері Турсынбаева Жаина Қанатқызы және кітапхана оқырмандары қатысты. Мақсаты: Елордамыз туралы мағлұмат беру, Астананың көрікті орындарымен таныстыру, отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту. Шара барысында шақырылған құрметті қонағымыз-Шара Бүркеқызы сөз сөйлеп, оқушыларға тілегін білдіріп, «Астана» туралы әнін шырқаса, Талдықорған әуендерінің әншісі Жақыпбекова Жансая «Ұнайды маған», «Мінезім солай» атты әндерін орындаса, Нұржанқызы Кәмшат «Астана», ал Қасен Алима «Қазақстан» туралы әнін сыйға тартты. Сондай-ақ, Республикалық «Үздік жас маман - 2018» байқауының иегері Турсынбаева Жаина Қанатқызы Елордаға барған кездегі сәттерімен бөлісіп, Қалқаман Сариннің «Астана» атты өлеңін оқып берсе, Нұржанқызы Інжу, Нұржанқызы Еркежан Елордамызға арналған жыр шумақтарын төкті. Шараны орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы қорытындылады.