«Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі» онлайн семинар
Дата: 19.06.2020 | |
Просмотры: 147 | Печать страницы |

2020 жылдың 17 маусым күні қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі» атты тақырыпта онлайн семинар болып өтті. Семинар жұмысына қалалық, ауылдық кітапханаларының меңгерушілері мен кітапханашылары онлайн қатысты. Семинарды «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» директоры К. Сейтжанова ашты. Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» директорының орынбасары А.Қыдыралинова «Жас ұрпақты патриоттық рухында тәрбиелеу кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі» атты тақырыпта баяндама, қалалық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Н. Шернияз «Кітапхана патриоттық тәрбие берудің діңгегі, ұлттық сананы қалыптастыру», Еркін ауылдық №3 кітапхана филиалының меңгерушісі Ж.Жакибаева «Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде кітапханалардың маңызы», тақырыптарында жарыссөзге шықты. Семинарды ОКЖ-і директоры К. Сейтжанова қорытындылады. Семинар кітапхана қызметкерлеріне жаңа кәсіби тәсілді қалыптастыру, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, ақпараттық мәдениетін арттыру, кітап оқуды насихаттау және жұмыстың жаңа заманауи әдістерін қолдану, үйрену, жастардың бойына жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында өткізілді.