Өлкенің гүл жайнаған балғындары
Дата: 09.06.2020 | |
Просмотры: 146 | Печать страницы |

2020 жылы 1 мамусым күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» деген тақырыпта ғаламтор пайдаланушылардың назарына виртуалды кітап көрмесін ұсынды. Кітап көрмеге қазақ халқының ауыз әдебиетінің қызықты және танымдық ертегілерінің жинақтары қойылды. Мақсаты: Жас оқырмандар кітап беттерін парақтап, әдемі суреттерді тамашалап, ертегілерді оқиды. Осындай қызықты көрмелер балаларға қуаныш сыйлап қана қоймауы, оқуға деген қызығушылықтарын ояту болып табылады. Фейсбук, инстаграмм, вк парақшасында жарияланды.