Қазақ балалар әдебиетінің жай-күйі
Дата: 09.06.2020 | |
Просмотры: 117 | Печать страницы |

2020 жылы 16 сәуір сағат 15.00 да фейсбук парақшасында "Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбаймен «Қазақ балалар әдебиетінің жай-күйі» деген тақырыпта тікелей эфиде онлайн кездесу өтті. балалар әдебиетін насихаттау, толымсыз тұстарын бағамдау және оның кешегісі мен бүгінгісіне үңілу мақсатында ұйымдастырылған онлайн кездесуде балалар әдебиетінің жай-күйі жайында көптеген келелі мәселелер сөз етілді.
“Балалар әдебиеті деген ол – қазақ әдебиеті деген сөз. Балалар әдебиеті-ең ұлы әдебиет. Оны қартайған қария да, хәріп таныр жас бала да оқи алады. Бірақ біз әлі күнге соғыс кезінде өткен балалық шақ туралы жазылған “Жусан исі” секілді шығармаларды оқимыз. Демек біздің әдеби санамыз 60-70 жылдарда қалып қойған” – деп тоқталып өтті.
Балалар әдебиеті турасында, бүгінгі поэзия, проза төңірегінде түрлі сауалдар қойылып, салмақты ойлар айтылды.
Сөз соңында: Балалар әдебиеті – балаларымыздың болашағы һәм ертеңі. Ұлтымыздың тұтқасын ұстар ұрпағымыздың келешегіне салғырт қарамайық!