Ағынды менің Ақсуым
Дата: 28.08.2019 | |
Просмотры: 312 | Печать страницы |

Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде мамыр айының 18-ші жұлдызында № 2 мектептің 6 «а» мен 7 «б» сынып оқушыларымен «Ақындар шоғырындағы Гималай» атанған ұлы ақынымыз, дүлдүл жырдың жүйрік тұлпары, көсем сөздің сұңқары ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі - Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Ағынды менің Ақсуым» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармашылығын насихаттау. Ақынның шығармашылығына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, поэзияны сүюге баулу.Аталмыш кешке мектеп оқушылары, мұғалімдер мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Шараға 100-ге жуық адам қатысты. Кітапханашы Ф.Жакупова Ілиястың лирикалық шығармаларына арналған баяндама жасаса, оқушылар ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқып іс-шараның көркін қыздыра түсті. Республикалық «Ілияс оқулары» байқауының жүлдегері №2 мектептің 10 сынып оқушысы Саят Сая І.Жансүгіровтың «Ұяның ұясы, Қожаның дорбасы» фелетонынан үзінді оқыды. Кеш соңында кітапханашы Н.Шернияз шараға арнайы ұйымдастырылған «Көркем сөздің зергері» атты кітап көрмесіне шолу жасады.