Алаштың бір туар ұлы
Дата: 28.08.2019 | |
Просмотры: 243 | Печать страницы |

2019 жылдың 21 тамызында Учхоз ЗВТ №8 кітапхана филиалында Сұлтанбек Қожановтың туғанына – 125 жыл толуына орай « Алаштың бір туар ұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Оқырмандарға Мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз,ғалым, публицист Қожанов Сұлтанбек жайлы мағлұмат беріп, өмірбаянымен таныстыру.Сонымен қатар кітап көрмесіне « Жетісулық алаш зиялылары», « Алаш арқауы», «Алаш әдебиеттануы», «Войско Алаш», «Жетісу жерінде» тәрізді кітаптар қойылды. Кітапхана меңгерушісі А. Қадырова кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Шараға 10 адам қатысты.