«Ана – өмір шуағы» мерекелік кеш
Дата: 06.03.2025 | |
Просмотры: 0 | Печать страницы |

8 Наурыз – «Халықаралық әйелдер күніне» орай қалалық № 2 кітапхана филиалы 2025 жылғы наурыз айының 6 күні Б. Сырттанұлы атындағы № 25 орта мектебінің 4 «а» сынып оқушыларымен «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Мақсаты: оқырмандарға ана – өмірдің шуағы, ана – өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру.