Балғындардың бал күлкісін мұң шалмасын
Дата: 28.08.2019 | |
Просмотры: 173 | Печать страницы |

1 маусым – Халықаралық баларды қорғау күнінің де өзіндік тарихы, мән – мағынасы бар. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1949 жылы Парижде өткен әйелдер конгрессінде «Балалар бақыты мен денсаулығы үшін барынша күресуге тиіспіз» деген жалынды сөздер айтылған. Соның дәлелі ретінде конгресстен кейін 1950 жылдан бастап жаздың алғашқы күні балалардың құқығын, өмірі мен денсаулығын қорғау күні болып жарияланып, БҰҰ шешімінің негізгі бағыттарының бірі ретінде негізделген.Осы мереке қарсаңында 3- ші бөлімше №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2019 жылы 31 мамыр күні мектеп оқушылары мен бүлдіршіндердің арасында «Балғын балалар – біздің болашағымыз» деген тақырыпта асфальтқа сурет салудан жарыс өтті. Мақсаты: Балаларға шын көңілден мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, балаларға мерекелік іс- шара ұйымдастыру. Балаларды қорғау күні қалай аталып өтілетінін өз көздерімен көрсету, мерекеге жақсы көңіл-күй керек екенін балаларға ұғындыру, балалардың жеке қасиеттерін дамыту, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Іс- шара барысында кітапхана меңгерушісі К.Табылдинова балаларды төл мерекесімен құттықтап, жарыста жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі. Бұл жарыс тек қана асфальтқа сурет салумен ғана шектелген жоқ. Оқушылар мен бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды, талантты балалар өнер көрсетті, мың бұралып би билеп, ән айтып, өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Сондай- ақ, қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарының бірі «асық атудан» ұл балалар арасында жарыс өткізілді. Сонымен қатар, осы шараға ауылымыздың қариясы Бекетай атамыз келіп, балаларға ақ батасын беріп, баянмен «Ана туралы жыр». «Ақ бантик» әндерді орындап берді. Іс- шара соңында белсене қатысқан оқушылар мен бүлдіршіндер марапатталып, сый – сияпат табыс етіліп , балмұздақ таратылды. Ата - аналар балалар меркесін кітапхана ұжымына ризашылығын білдіріп, рахметтерін айтты. Сонымен қатар, барлық балалар мен бүлдіршіндерге балмұздақ таратылды. Мерекелік іс- шараның ойдағыдай өтуіне демеушілік білдіргендер Ажикенова Светлана, Мусабекова Мейрамгүл апамызға кітапхана ұжымының атынан алғысымызды білдіреміз!