Әке шаңырақтың тірегі
Дата: 10.06.2025 | |
Просмотры: 24 | Печать страницы |

Маусымның үшінші жексенбісі – әкелер күніне орай 2025 жылғы 10 маусым күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 орта мектептің 5 сынып оқушыларымен «Әке шаңырақтың тірегі» атты сұхбат өткізілді. Мақсаты: Жан-ұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту. Шара барысында бөлім меңгерушісі Т. Құрманғалиева оқушыларға әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы екенін айтты. Шара соңында оқушылар әке туралы өлеңдерін оқыды. Шараға 28 оқырман қатысты.