Біз терроризмге қарсымыз!
Дата: 10.06.2025 | |
Просмотры: 25 | Печать страницы |

2025 жылғы 10 маусым күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде бөлім меңгерушісі Т.Құрманғалиева №2 орта мектептің 5 «Б» сынып оқушыларына терроризм жаһандық проблема ретінде түсінік бере отырып, «Алматы облысының дін істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің «Біз терроризмге қарсымыз!» атты видео ролигін көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Оқушыларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Шараға 29 оқырман қатысты.