«Мемлекеттік рәміздерді құрметте!» атты тәрбие сағаты
Дата: 04.06.2025 | |
Просмотры: 21 | Печать страницы |

2025 жылғы қалалық орталық кітапханада 4 маусым – Рәміздер күніне орай №16 мектептің бастауыш сынып оқушыларының қатыстуымен «Мемлекеттік рәміздерді құрметте!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шара Мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды. Атаулы күнге орай оқырмандар назарына мемлекеттік рәміздеріміздің тарихынан ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар мектеп оқушылары мерекеге орай Отан, туған жер, рәміздер туралы өлеңдерін оқыды.Сондай-ақ «Ел рәміздері – ел рухы» атты тақырыпта ұйымдастырылған кітап көрмесіне қойылған Е. Шаймерденовтің «Елтаным», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» және басқа да кітаптар таныстырылды. Мақсаты:Оқырмандардың Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін тереңдету; рәміздердің пайда болуы және олардың тарихтағы маңызы жайлы білімдерін арттыру; отансүйгіштікке, адамгершілікке, туған елі мен халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу; елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге баулу; халқының шығу тегін, тарихын білуге деген қызығушылықты дамыту. Шараға 24 адам қатысты.