"Зұлматты жылдар шежіресі" атты кітап көрмесі
Дата: 28.05.2025 | |
Просмотры: 17 | Печать страницы |

2025 жылғы 28 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлматты жылдар шежіресі» атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: ХХ ғасырдың ең қасіретті беттерінің бірі саналатын саяси қуғын-сүргін жылдарының құрбандарын еске алып, олардың рухына тағзым ету, өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, өткеннің тағылымын санасына сіңіру.
Көрме үш бөлімнен тұрады:
I бөлім: «Қасіретке толы жылдар»
Бұл бөлімде 1920–1950 жылдар аралығындағы жаппай қуғын-сүргіннің зардаптары, ГУЛАГ лагерьлерінің тарихы және жазықсыз жазаға ұшыраған азаматтар жайлы материалдар ұсынылған.
II бөлім: «Жазықсыз жандар – ел үшін құрбан»
Бұл бөлім Алаш қозғалысының қайраткерлері мен сталиндік репрессия құрбандары — көрнекті тұлғалар туралы әдебиеттер мен мұрағат деректеріне арналған. Қазақ халқының зиялыларының тағдыры, олардың ел болашағы үшін жасаған еңбегі баяндалады.
III бөлім: «Тарихтан тағылым – ұрпаққа аманат»
Қазіргі ұрпақтың тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы еңбегі, естеліктер мен зерттеулерге негізделген еңбектер осы бөлімде топтастырылған. Бұл бөлім — өткеннің сабағы бүгінгі мен ертеңгі күнге бағдар болуға тиіс екенін еске салады.
Көрмедегі кітаптар оқырмандарға зұлмат жылдардың ақиқатын танытып, тарихтан тағылым алуға және әділеттіліктің маңызын терең ұғынуға мүмкіндік береді.