Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Мен тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін

Дата: 22.05.2025
Просмотры: 8 Печать страницы
Мен тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, 2025 жылғы 22 мамыр күні қалалық орталық балалар кітапханасында №2 орта мектептің 3 «Г» сынып оқушыларымен «Мен тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін» атты сурет байқауы өтті. Шараның мақсаты жас буынның шығармашылық қабілеттерін тереңдету, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу. Байқау барысында кітапханашы балаларға 1 маусым мерекесі жайында шағын мағлұмат берді. Балалар дайындап келген тақпақтарын айтты. Балалардың көңілдерін көтеру үшін оларға викториналар, әр түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалар арасында қағаз беттеріне және асфальтке сурет салу сайысы өтті. Біздің кішкентай оқырмандарымыз «Шалқан» ертегісі негізінде қойылым қойып, ән айтып, би биледі. Байқау соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді. Шараға: 41 оқырман қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ