«Бар жақсылық балаларға» саяхат сағаты
Дата: 22.05.2025 | |
Просмотры: 17 | Печать страницы |

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын күн ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мейрам. Қоғамды, жас жеткіншектерді қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Осы мақсатта 2025 жылдың 22 мамыр күні қалалық орталық кітапханасында №12, 14 мектептің 3 «А» мен 4 «А» сынып оқушыларымен «Бар жақсылық балаларға» атты саяхат сағаты ұйымдастырылды. Мерекелік шараны қалалық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі А.Баймуханова ашып, балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, оқушыларға ыстық лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Шарада оқушыларға «Кітап патшалығы» атты көрініс көрсетіліп, «Кітап елі», «Ақылдылар әлемі», «Суретшілер елі», «Креатив Kids» «Көңілді кітап әлемі» атты бекеттерге тоқталып, қызықты саяхат жасап, өз өнерлерін көрсетіп, қызықты да көңілді күй кешті. Шара соңында оқушылар кітапханада ұйымдастырылған фото аймаққа суретке түсіп, балаларға тәттілер таратылды.
Балалар күніне тарту ретінде ұйымдастырылған шараға 52 оқырман қатысты.