"кітап оқу техникасы" акция аясында ролдерді сомдап оқу
Дата: 16.05.2025 | |
Просмотры: 6 | Печать страницы |

2025 жылғы 16 мамыр күні қалалық орталық кітапханасында «Кітап оқу техникасы» акциясы аясында №16 мектептің 3 «А» сынып оқушыларымен «Кітапқа құмар оқырман» атты шығарма кейіпкерлерін сомдап оқу шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға балаларға арналған әңгімелер мен ертегілерінің «Балаларға қазына» атты жинағы, «Ерте, ерте, ертеде...» тұрмыс- салт ертегілері оқуға ұсынылды. Мақсаты: оқырмандардың оқыған шығармаларының кейіпкерлерін сомдау арқылы оқу мәдениетін, оқу сауаттылығын арттыру. Шараға 22 оқушы қатысты.