Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Заманауи кітапхана -жаңа ұрпақтың тұлғалық даму аумағы» тақырыбында семинар

Дата: 14.05.2025
Просмотры: 6 Печать страницы

2025 жылы 13 мамырда «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханада «Заманауи кітапхана -жаңа ұрпақтың тұлғалық даму аумағы» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты - Бүгінгі оқырман жастардың талабы заман талабына сай өте жоғары, олардың сұранысын қанағаттандыру, жас буынның кітап оқуға қызығушылығын ояту, жобалар аясында жаңа әдістермен кітап оқуды насихаттау .
Семинардың ашылуында Талдықорған қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-сінің директоры Сейтжанова Кулпан Қалкенқызы кітапханалық семинарлардың маңыздылығы жайлы айтып , олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап , кітапханашылардың жаңа жұмыс түрлерін өткізу әдістерімен бөлісетіні жайлы айтты.
Семинар барысында Талдықорған қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ -сінің әдіскері Калимуратова Саяжан Сембекқызы семинар бағдарламасымен таныстырып, семинардың өткізілу мақсатына тоқталды.
Қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Узембаева Рая Каниқызы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасының жұмысымен таныстыра келе жобаның іске асырылу әдістерімен бөлісті.
Қалалық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жакупова Фарида Абдолдақызы «Кино қиылысында» жобасы арқылы жаңа ұрпақтың тұлғалық дамуына байланысты жасалған жұмыстарына тоқталып, жоба аясында өткізілген шаралардың видеосына шолу жасап, жобамен жұмыс жасау арқылы күтілетін нәтижелерін айтып өтті. Қалалық №2 кітапхана филиалының меңгерушісі Сапбек Мадина Қасенқызы «Ақылды кітапхана: жасанды интеллектпен бір қадам алға» тақырыбында баяндама жасады, кітапхана жұмысында жасанды интеллектті қалай қолдануға болатындығы жайлы айтып, мысалдар келтіріп , слайд ,видеолармен көрсетті. Өз іс -тәжірибесінде жасанды интеллектпен қалай жұмыс жасап отырғанын айтып, тәжірибесімен алмасты.
Семинар соңында кітапханашылар өздерінің әсерлерімен бөлісіп, семинардың маңыздылығы жайлы пікірлерін айтты.
Семинарға 25 кітапханашы қатысты

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ