"Кітап миға керек азық" әдеби дастархан
Дата: 17.04.2025 | |
Просмотры: 7 | Печать страницы |

Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 2025 жылдың 17 сәуір күні «23 сәуір –Ұлттық кітап күні» фестивалі аясында «Кітап -миға керек азық» атты әдеби дастархан ұйымдастырылды. Шараға №21 мектептің 6 «а» сынып оқушылары, ұстаздары қатысты. Әдеби дастархан шарасында жастарға қазақтың ұлттық тағамдарды қымыз, айран, бауырсақ т.б таныстырылып, олардың жасалу жолдары мен маңызы айтылды. Оқушылар балалар екі топқа бөлініп, викториналық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтел, өлеңдер оқып жарысты.
Мақсаты: халқымыздың асыл мұрасын, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарымыз бен әдебиетіміздің арасындағы тығыз байланысты дәріптеу.
@jetisu_akimdigi
@taldyqorgan_akimdigi
@zhenis_andabekov
@zhetisu.madeniet
@kuanyshsultanuly
@taldykorgan_madeniet_bolimi
@zhetisu.obl.kitaphana
@kenjegalievna75