«Ұлттық кітап күніне» орай «Kitap style» фестивалі
Дата: 24.04.2025 | |
Просмотры: 14 | Печать страницы |

2025 жылғы 23 сәуір күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сі орталық арбатта «Ұлттық кітап күніне» орай «Kitap style» фестивалін ұйымдастырды. Шараның мақсаты кітап оқу мәдениетін көтеру, әдеби кітаптарды насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болып саналады. Мерекелік шара «Талдықорған әуендері» ансамблі әншілерінің орындауындағы әсем әнмен басталып, Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік шараның маңыздылығына тоқталды. Ашылу салтанатында қаламыздың ақын-жазушылары Жұмабала Балақаранова, Санжар Сұлтанғазы және Семей полигон мүгедектер және ардагерлер ұйымының төрағасы Толымбек Данабеков, Чернобыль қоғамының төрағасы, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Құсайын Мұстафа сөз алып, оқырмандарды әдебиет әлемінің сиқырлы сәттеріне саяхат жасауға шақырды. Кітап фестивалі барысында кітап сыйлау акциясы, «Кітаппен жарқын әлемге» атты әр түрлі қызықты, мотивациялық кітаптардан дебют көрмесі, «Тұлғалар келбеті – тарих куәсі», «Оқимыз, ойлаймыз, өсеміз», «Бәрін білгім келеді» атты қызыққа толы шаралар өткізілді. Ашық микрофон алаңында оқырмандар өздерінің оқыған сүйікті кітаптарымен бөлісіп, қызықты сәттерін айтып, өлең оқыған оқырмандарға сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, аталмыш шарада кітапханаға келген кішкентай оқырманды тіркеу рәсімі өткізіліп, «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында «Мен таңдаған мамандық» атты дефиле көрсетіліп, қала тұрғындарынан «Кітап арқылы әлемді таны» тақырыбында бейне репортаж алынып, сыйлықтар таратылды. Шара барысында кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, «Атамұра», «Онлайн-кітап» дүкендері жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын және көптеген балаларға арналған әдеби, танымдық, ғылыми бағыттағы сан алуан кітаптарды тиімді бағада ұсынды. Бұл шара әдебиет пен өнердің, білім мен мәдениеттің бірлігіне куә болып, әр қатысушының жүрегінде жылы естеліктер қалдырды.