«Дара тұлға» ақпарат сағаты
Дата: 10.04.2025 | |
Просмотры: 4 | Печать страницы |

2025 жылғы 10 сәуірде Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында № 11 мектептің балаларымен көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік және жастар сыйлығының, сондай-ақ бүкіл түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Дара тұлға» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара мақсаты: Тұманбай Молдағалиев поэзиясы арқылы оқушыларда ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерін ояту, ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау. Шараға 26 бала қатысты.