"Еңбек адамы - елдің тірегі" атты кітап көрмесі
Дата: 12.03.2025 | |
Просмотры: 2 | Печать страницы |

Мемлекет басшысының 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастамасымен аудан, қала кітапханаларынан бастау алған көш керуен 2025 жылы 12 наурызда Еңбек ауылдық кітапханасында жалғасты. «2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітапхана меңгерушісі Нұрсағатова Амина Сабитқызы библиографиялық шолу өткізді. Көш керуенге еліміздің ынтымағы мен берекесі үшін тер төгіп, ауылдың өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек еткен ардагерлер, шебер жұмысшы маман иелері, ауыл мақтаныштары Медетбеков Амантай Қабдылұлы, Еңбек ауылдық «Ақ дариға әжелер» ансамблінің әжелері, Ардагер ұстаз, «Білім беру ісінің үздігі» Дәулетхан Тастанбеков, №22 орта мектептің кітапханашысы Искакова Әния, Еңбек ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шараны «Талдықорған қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің директоры Сейтжанова Күлпан Қалкенқызы құттықтау сөзбен ашты. Келесі сөз сөйлеген ардагер ұстаз Дәулетхан Тастанбеков оқырмандарға жастардың өз мамандықтарын дұрыс таңдап, ел дамуына үлестерін қосып, қоғамға пайдалы маман болуы керектігі, жастардың терең білім алып, саналы азамат болып өссе, елдің болашағы жарқын болатындығы жайлы айтты. Шара соңы Мәдениет үйінің қызметкерлері мен кітапхана оқырмандарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.