"Ұлыстың ұлы күні" әдеби сағат
Дата: 20.03.2025 | |
Просмотры: 8 | Печать страницы |

2025 жылғы 19 наурыз күні қалалық орталық кітапханасында №16 мектеп гимназиясының 8 Ә сынып оқушыларының қатысуымен 22 наурыз Наурыз мерекесіне орай «Ұлыстың ұлы күні» атты әдеби квилт өткізілді.
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру.
Шара барысында:Балаларға ұлттық салт-дәстүрлер туралы, яғни Тұсаукесер, Бесікке салу және т.б дәстүрлерді тереңінен ашып видеослайд арқылы көрсетілді. Арқантартыс, асық ату, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар туралы түсінік берілді.
Шараға 25 оқырман қатысты.