«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» тәрбие сағаты
Дата: 26.02.2025 | |
Просмотры: 10 | Печать страницы |

2025 жылғы 26 ақпан күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында еліміздің ержүрек батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» атты тәрбие сағаты мектеп оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстыру, өмірі мен ерліктерін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту, жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/DGhu3PZCohv/?igsh=c25vNzZ2aGVlZGp4