Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"2025 Жұмысшы мамандықтар жылы" көш керуен

Дата: 05.03.2025
Просмотры: 13 Печать страницы

Мемлекет басшысының 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастамасымен аудан, қала кітапханаларынан бастау алған көшкеруен 2025 жылы 5 наурызда Өтенай ауылдық кітапханасында жалғасты. «2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітапхана меңгерушісі Қажаева Салтанат Нұржауқызы библиографиялық шолу өткізді. Көш керуенге Өтенай ауылдық «Ардагерлер кеңесінің төрағасы», ардагер ұстаз Сүлейменов Беделбек,Қазақстанның ішкі істер үздігі, Семей-полигон мүгедектер және ардагерлер ұйымының төрағасы,Талдықорған қаласының құрметті азаматы - Данабеков Толыбек Сүлейменұлы,балалар жазушысы Жұмабала Балақаранова,шағын кәсіпкер иесі Тазабекова Мира Төкенқызы, Өтенай ауылдық амбулаториясының мейірбикесі Жазира Болысбекова, кітапхана қызметкерлері және №21 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары  қатысты.Шараны «Талдықорған қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің директоры Сейтжанова Күлпан Қалкенқызы құттықтау сөзбен ашты. Келесі кезекте сөйлеген Сүлейменов Беделбек, Данабеков Толыбек Сүлейменұлы, Жұмабала Балақаранова оқырмандарға жастардың өз мамандықтарын дұрыс таңдап, ел дамуына үлестерін қосып, қоғамға пайдалы маман болуы керектігі, жастардың терең білім алып, саналы азамат болып өссе, елдің ертеңі жарқын болатындығы жайлы айтты. Шара соңында «Сұлусаз» әжелер ансамбілінің жетекшісі Гүлшекер Иешова ауылдың алты ауызын шырқаса, «Талдықорған әуендері» әншілерінің концерттік бағдарламасымен  аяқталды.

@taldyqorgan_akimdigi

@zhenis_andabekov

@jetisy.madeniet

@kuanyshsultanuly

@taldykorgan_madeniet_bolimi

@zhetisu.obl.kitaphana

@elmira_mukusheva

@mukushevaelmira75

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ