«Қазақтың Төлегені» атты өнер куражы
Дата: 26.02.2025 | |
Просмотры: 11 | Печать страницы |

Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Құман Нұрмағанұлы Тастанбековтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақтың Төлегені» атты өнер куражы кітапхана оқырмандары арасында өтті. Аталмыш шараға Еңбек ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері, № 22 орта мектептің 10 сынып оқушылары арнайы шақыртылды. Мақсаты: Құман Тастанбековтың жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіңірген еңбегі жайлы түсінік берілді. Өмірін өнерге арнаған сахна майталманы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 30 жылдан аса спектакльдерде көптеген рөлдерді сәтті сомдады. Құман Тастанбековтың кино өнері саласындағы еңбегі елеулі. Ол атақты «Қыз Жібек» фильміндегі Төлегеннің рөлімен «жұлдызы жанған» актер. Фильм экранға шыққан соң, араға бір жыл салып Құман Тастанбеков басты рөлді ойнаған Меруерт Өтекешовамен шаңырақ көтерді. Бір емес, бірнеше буынның сүйікті фильміне айналған туындының қазақ киноматографиясында орыны бөлек, шоқтығы биік. Тағдырдың сыйын да, сынын да арқалай білген азамат – Құман Тастанбеков туралы том-том кітап жазуға болады. Тұғыры биік тұлғаға тағдырдың тартқан ең үлкен сыйы – қазақтың Төлегені атануы... Ол халқының жадында «Қазақтың Төлегені» болып сақталады. Шара соңында Мәдениет үйінің қызметкерлерінің орындауындағы халық әндері оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.