Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Адал еңбек – асыл мұра" көш керуен

Дата: 27.02.2025
Просмотры: 11 Печать страницы

2025 жылы 27 ақпанда Мемлекет басшысының 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастамасымен аудан қала кітапханаларынан бастау алған көш керуен Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасында жалғасын тапты. Көш керуенге Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы» Биғожанов Тимур Қапашұлы, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рымтаев Әділет Рымтайұлы, еңбек ардагерлері Талдықорған қаласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қожабеков Мұратбек Қабылбекұлы, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген «Семей» полигонының ардагері Қасенов Білімбек, Сарқан ауданының «Құрметті азаматы» Бикенбиев Төлеухан Жомартұлы, ардагер ұстаз, «Білім беру ісінің үздігі», «Еңбек адамы» төсбелгісінің иегері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Даркенбаева Жамал, «Талдықорған қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің директоры Сейтжанова Күлпан Калкенқызы, кітапханашылар, №2 орта мектептің оқушылары қатысты. «Адал еңбек – асыл мұра» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітапханашылар Баримбекова Құралай Болатқалиқызы мен Құрманғалиева Толқын Дәулетқызы библиографиялық шолу өткізді. Шара соңы жұмысшы мамандықтарының құрметіне арналған жас өнерпаздардың концертімен аяқталды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ