"Алғыс айту - парызым" мерекелік кеш
Дата: 27.02.2025 | |
Просмотры: 15 | Печать страницы |

2025 жылғы 26 ақпан күні қалалық орталық кітапханасында Облыстық мүмкіндігі шектеулі №1 балабақша-мектеп-интернатының 5,6,7 сынып оқушыларымен «Алғыс айту - парызым» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Шара барысында кітапханашы С.Мырзакасымова оқырмандарға Алғыс айту күнінің тарихымен таныстырып өтті. Оқушылар бір-біріне алғыстарын айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Ачилова Айнұр, Тоқберген Ақерке, Оразбай Азиза, Мубарек Балжан, Ачилова Айнур, Молдағали Медина «Анаға хат», «Туған жер» әндерін орындады.