«Жыл кітабын бірге оқиық» ақпарат сағаты
Дата: 07.02.2025 | |
Просмотры: 23 | Печать страницы |

2025 жылғы 7 ақпан күні қалалық орталық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында №16 мектептің 5 «А» сынып оқушыларымен «Жыл кітабын бірге оқиық» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында оқырмандарға проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары насихатталып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Шараға 21 оқушы қатысты.