«Кітап оқу техникасы» акциясы
Дата: 06.02.2025 | |
Просмотры: 19 | Печать страницы |

2025 жылғы 6 ақпан күні қалалық орталық кітапханасында «Кітап оқу техникасы» акциясы аясында №16 мектептің 4 «Ә» сынып оқушыларымен «Кітапқа құмар оқырман» атты шығарма кейіпкерлерін сомдап оқу шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың оқыған шығармаларының кейіпкерлерін сомдау арқылы оқу мәдениетін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру. Шара барысында оқушыларға қазақ ертегілерінің көркем безендірілген «Жан жануарлар әлемі» атты жинағы оқуға ұсынылды.Шараға 18 оқушы қатысты.