«Өмірі мен шығармашылықтың шежіресі» кітап көрмесі
Дата: 06.02.2025 | |
Просмотры: 20 | Печать страницы |

2025жылғы 5ақпан күні қалалық орталық кітапханасының оқу залында Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовқа арналған «Өмірі мен шығармашылықтың шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Т.Әлімқұловтың «Ақбоз ат»,«Көкек айы», «Көп томдық шығармалар жинағы», «Ақбоз ат»,«Көкек айы», мен Ж.Нәжімеденовтің «Көп томдық шығармалар жинағы», «Аспан шақырады» кітаптары қойылып, библиографиялық шолу өткізілді. Кітап көрмесімен №12, №16 мектеп оқушылары танысты. Мақсаты: Оқушыларға жазушылардың шығармаларын насихаттау. Отанды сүюге, кітап оқуға және құрметтеуге тәрбиелеу. Шараға 20 адам қатысты.