Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Керей мен Жәнібек қазақтың алғашқы хандары» тарихи сағат

Дата: 06.02.2025
Просмотры: 19 Печать страницы
«Керей мен Жәнібек қазақтың алғашқы хандары» тарихи сағат

Биыл 2025 жылы Керей мен Жәнібек хандардың Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 560 жыл толды. Осыған орай қалалық орталық кітапханасында 4 ақпан күні №12 орта мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Керей мен Жәнібек қазақтың алғашқы хандары» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: Өскелең ұрпақты тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз болған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге,отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Шарада кітапханашы қазақ хандығының құрылу тарихы мен қазақ тарихына қатысты қызықты деректермен таныстырып, «Қазақ хандығы» атты бейнеролик көрсетті.Сонымен қатар шарада «Тарих тұлғалары сөйлейді» және «Тарихи жұмбақтар» атты зияткерлік-танымдық ойыны жүргізіліп, «Қазақ хандары-халық қорғаны» тақырыбында кітап көрмесіндегі Аяған Б. «Қазақ хандығы тарихы:құрылуы, өрлеуі, құлдырауы», Кәрібаев Б. «Қазақ хандары», «Қазақ халқының тарихи тұлғалары»т.б. кітаптарға шолу жасалынды. Шараға 22 оқушы қатысты. 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ