"Мерейтой иелері"
Дата: 15.01.2025 | |
Просмотры: 14 | Печать страницы |

Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 15 қаңтар күні «Мерейтой иелері» атты тұрақты кітап көрмесі жасақталып, көпшілік оқырман қауымға ұсынылды. Кітап көрмесіне 2025 жылғы мерейтойлық ақын, жазушылардың әдебиеттері қойылды. Кітап көрмесіне «Абай шығармалары», «Абайтану», «Абайдың ақындық дәстүрі», «Абай әлемі» сериясы деп аталатын бөлімдерге Абайдың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған еңбектері, Абайдың ақын шәкірттері, ұлы тұлғалармен шығармашылығының сабақтастығы туралы, Сәбит Мұқановтың «Таңдамалы шығармалары», «Адасқанлдар», «Көп томдық шығармалар жинағының бірінші томы. Өмір мектебі», «Алтын аймақ» атты шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер», «Қаһарман», «Ұшқан ұя», «Қойын дәптер құпиялары. Ноқтаға басы сыймаған» атты шығармалары, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер», «Қаһар романы», «Ойлар, баяндамалар, күнделіктер, хаттар» атты еңбектері және тағы басқа да ақын жазушылардың әдеби кітаптары қойылды.