Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Балалардың кітап әлемі"

Дата: 10.01.2025
Просмотры: 13 Печать страницы

Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2025 жылдың 10 қаңтарында "Балалардың кітап әлемі" атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, кітап – жанұяның  бос уақытын өткізудегі ең бір ажырамайтын бөлігі екендігін көрсету, баланы кішкентай кезден кітап оқуға баулу. Көрмеге қойылған кітаптар әлемдік әдебиеттер қазынасына енген балалар шығармалары. Бұл барлық балалардың жақсы көретін және сүйіп оқитын кітаптары, сондықтанда аталған көрме балаларды танымал туындылармен таныстырудың тамаша мүмкіндігі болды. Оқырмандар шара барысында қазақ және орыс тілінде шыққан өте қызықты көркем және тарихи әдебиеттер туралы ақпараттармен хабардар болды. Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолу жасап, жаңа кітаптардан дауыстап үзінділер оқуды ұйымдастырды. Аталған көрме: "Балаларға базарлық", "Жануарлар туралы ертегілері", "Әлем халықтарының ертегілері" және "Қиял ғажайып ертегілері" атты төрт бөлімді қамтыды. Онда әр түрлі тақырыптағы жаңа, ғылыми-көпшілік балалар әдебиеті, отандық және шетелдік авторлардың үздік көркем шығармалары, соңғы жылдардағы жарық көрген қазіргі заман жазушыларының шығармалары ұсынылды. Кішкентай оқырмандарымызды кітап оқуға шақырамыз!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ