Знаменательные даты

< Май / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» тарихи сағат

Дата: 13.12.2024
Просмотры: 28 Печать страницы
«Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» тарихи сағат

2024 жылдың 12 желтоқсан күні қалалық орталық кітапханасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік құру және мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы туралы білімді қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, туған елдің тарихына қызығушылықты арттыру. Аталмыш шараға ғылым кандидаты, инженер-конструктор, Ақсу ауданының құрметті азаматы, Жетісу облысы қоғамдық палатасының төрағасы, жауынгерлік самбодан спорт шебері Нұрлан Құдайбергенұлы Айшымбаев және Талдықорған қаласының аграрлық-технологиялық колледждің студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Мерекелік іс-шара «Талдықорған әуендері» ансамблінің әншісі Гүлім Қуатбектің ән шашуымен басталып, шараның алғашқы сөз кезегін алған кітапхана директоры Күлпан Сейтжанова құттықтау сөз сөйледі. Ары қарай шара қонағы Нұрлан Құдайбергенұлы сөз алып Тәуелсіз қазақ жұртының өткені мен бүгіні туралы тарихқа шолу жасап, бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздік күнінің маңыздылығына тоқталып өтті. Шара барысында ұлық мерекеміздің аясында, тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдары туралы бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ, №22 мектептің оқушылары Құндақбаева Айлин, Оқасов Аян, Тұрсын Қарақат, Нұрмұхамед Әдемі мерекеге орай жыр шумақтарын арнады. Шара соңында оқырмандар назарына «Тәуелсіздік – бастауы желтоқсан» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, бүгінгі жас ұрпаққа қойылатын басты талап жаңа заманға сай озық білім мен ізденімпаздық қабілет екендігін және осынау талапқа жеткізер бірден – бір басты құрал, кітап оқу арқылы келетіндігін ескертіп, барша көрермен қауымды кітап оқуға шақырды. Шараға 39 оқырман қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ