Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

“Поэзия падишасы – Фариза” атты поэзия сағаты

Дата: 10.12.2024
Просмотры: 34 Печать страницы
“Поэзия падишасы – Фариза” атты поэзия сағаты

2024 жылдың 10 желтоқсан күні қалалық орталық кітапханасында поэзия падишасы атанған қазақтың танымал ақыны, Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Фариза Оңғарсынқызының 85 жылдығына арналған «Поэзия падишасы-Фариза» атты поэзия сағаты  ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпақты поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың шығармашылық өміріне талдау жасай отырып, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ақынның шығармаларын насихаттау. Шараға Талдықорған қаласының Инновация колледжінің І-ІІ курс студенттері қатысып, кітапханашы қазақ ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынқызының өмірі мен шығармашылығын таныстырды. Шара барысында оқырмандарға «Қазақтың ақын қызы-Фариза»  бейнеролигі көрсетіліп, оқушылар Фариза Оңғарсынованың «Туған жер», «Перзент сөзі», «Анама», «Фаризаға арнау», «Фаризажан» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында «Жыр жұлдызы– Фариза» кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 23 оқырман қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ