“Әбіш әлеміне саяхат” атты әдеби кеш
Дата: 05.12.2024 | |
Просмотры: 36 | Печать страницы |

2024 жылдың 4 желтоқсан күні қалалық орталық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 85 жыл толуына орай «Әбіш әлеміне саяхат» атты әдеби кеші өтті. Кеште Ә.Кекілбаев атамыздың өнегелі өмір жолымен таныстыра отырып, оқушылардың шығармашылығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Шараға №12 мектептің 8 сынып оқушыларынан 24 бала қатысты.
Мақсаты: Көректі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты , сенатор Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру.