Менің атым Қожа
Дата: 21.11.2024 | |
Просмотры: 26 | Печать страницы |

2024 жыл 21 қараша күні қалалық орталық балалар кітапханасында артында өшпес мұралар қалдырған аса биік дарын, қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Менің атым Қожа» атты оқырман конференциясы №2 мектептің 6 «а» сынып оқушыларымен өтті. Мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыиу. Елжандылыққа тәрбиелеу. Шараға 30 оқушы қатысты.