Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Қазақ поэзиясының сұлу сарайы

Дата: 28.11.2024
Просмотры: 34 Печать страницы
Қазақ поэзиясының сұлу сарайы

 2024 жылы 27 қараша күні қалалық орталық балалар кітапханасында №2 орта мектептің 7 «б» сынып оқушыларының, қалалық ардагерлердің, М.Мақатаев атындағы поэтикалық жас актерлер театр әртістердің қатысуымен қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай  «Қазақ поэзиясының сұлу сарайы» атты  әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандар арасында Ілияс Жансүгіров шығармашылығын насихаттау. Ақынның шығармашылығына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, поэзияны сүюге баулу.
Шара барысында ҚР Халық әртістері, Алматы облысының «Құрметті азаматтары», ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегерлері Кендебай Темірбайұлы мен Алмахан Нұрпейісқызының жетекшілігімен Талдықорған қаласының М.Мақатаев атындағы поэтикалық жас актерлер театры, жазушы Қ.Мұқашовтың «Дала дастаны» атты І.Жансүгіровтің 130 жыл мерей тойына арналған театрландырылған көрініс қойды.  
І.Жансүгіровке арналған арнаулар, ақынның өлеңдері, романынан үзінді оқылып, №2 орта мектептің 7"в" сыныптың оқушысы Төкен Әмір – «Ерке сылқым» күйін, №22 орта мектептің 5 Ә сынып оқушысы Қайырды Әния қобызбен Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін  тартты. Шараға белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ