«Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары желісінде» атты нон-стоп
Дата: 14.11.2024 | |
Просмотры: 25 | Печать страницы |

Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 14 қараша күні № 22 орта мектептің оқушыларының қатысуымен, 2024 жылы Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыл кітабы қазақ балалар әдебиетінің классигі, әлем таныған жазушы, қазақ әдебиетін Хан Тәңіріндей биігіне көтерген қарымы бөлек қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары желісінде» атты нон-стоп өткізілді. Мақсаты: Қожа бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Шара барысында әлемге танылған әйгілі шығармасы «Менің атым-Қожа» фильмінен «Қожаның өз-өзіне есеп беруі» атты құпия кеңесіндегі үзіндісін Еңбек ауылдық кітапхананың тұрақты оқырманы Қарлыбаев Жарас оқырмандардың назарына ұсынды. .