Нашақорлық-шын қорлық
Дата: 06.11.2024 | |
Просмотры: 42 | Печать страницы |

Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Осы орайда нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2024 жылдың 6 қараша күні қалалық орталық кітапханасында №12 орта мектептің 10 сынып оқушыларымен «Нашақорлық-шын қорлық» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында нашақорлық туралы бейнебаян көрсетіліп, оқушыларға алған әсерлерімен бөлісу ұсынылды. Шараға 22 оқушы қатысты.